Сыбайлас жемқорлық: елге $2 млрд 300 млн заңсыз актив қайтарылды
Елге 2 млрд 300 млн доллар заңсыз актив қайтарылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы елордада өткен халықаралық конференцияда мәлімдеді. Жиынға Гонконг, Қатар, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Оңтүстік Кореяның жемқорлыққа қарсы ведомства өкілдері қатысты.
Олар активтерді қайтару, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау, жемқорлықтың алдын алу және осы салаға цифрлық технологияларды енгізу бойынша тәжірибе алмасты.
Асхат Жұмағали, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері – бұл біздің мемлекеттік саясаттағы өзекті тақырып. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тамырымен жойылғанға дейін жүргізілетінін атап өткен. Сондықтан біз халықаралық ынтымақтастыққа ерекше мән береміз. Себебі сыбайлас жемқорлар ұрланған қаражатты шетелге жиі алып кететіні белгілі. Ал бұл заңсыз активтерді қайтару шетелдік әріптестерімізбен тиімді іске асатынын атап өткен жөн.