Қысқа дайындық: биыл 3,6 мың шақырым жол жөнделеді
Қысқы маусымдық жұмыстарға 17,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды 24KZ. Бұл республикалық маңызы бар тасжолдарды ақ қар, көк мұздан тазалап, күтіп ұстауға жұмсалады. Бұл жайлы «ҚазАвтоЖол» компаниясының басқарма төрағасы мәлімдеді.
Дархан Иманашевтің айтуынша, елдегі автожолдар тастүйін дайын. Биыл 3,6 мың шақырым күрежол жөнделіп, жаңғыртылып жатыр. Бұған қоса қыс маусымына қажетті құрал-жабдықтар мен заттар жасақталып, техникалар тартылған.
Дархан Иманашев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» басқарма төрағасы:
- Президент тапсырмасына сәйкес 5 мыңнан астам шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарына жұмылдырылды. Биыл 1014 шақырым тапсырамыз. Ал шақырымдарды 2026 жылдың аяғына дейіп тапсыру жоспарымызда бар. Толық қаражат көзі бар, қаражат бөлінді. Енді мердігерлер тағайындалды, тек қана науқанды жұмыс жасау керек.