Жамбыл облысының Аса ауылында ахуал орталығы ашылды
Жамбыл облысындағы Аса ауылында ахуал орталығы ашылды.
Аппараттық-бағдарламалық кешен полиция бөлімшесінің базасында орналасты. Бейнебақылау жүйесі Жамбыл ауданындағы 38 мектеп пен 29 көшенің камераларына қосылды. Оның көмегімен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге болады. Кешеннің ауданда пайда болуы кездейсоқ емес. Себебі биыл жасөспірімдер қылмысы былтырға қарағанда 50 проценке өскен. Ал қоғамдық орындардағы құқық бұзушылық 68 процентке артып отыр.
Арманжан Әбдібеков, Жамбыл аудандық прокуратурасының аға прокуроры:
- Бұл орталықтың басты мақсаты - құқық бұзушылықтың алдын алу. Оның ішінде қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың жол көлік оқиғаларын сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алып жатқан оқиғалардың өскенін ескеріп осы бағытта профилактикалық жұмыстарды күшейтіп құқық бұзушылыққа деген нөльдік төзімділікті қалыптастыру болып табылады.