Қызылорда – Жезқазған тас жолының 140 шақырымы қолданысқа беріледіі

Биыл «Қызылорда - Жезқазған» жолының 140 шақырымы қолданысқа беріледі.

Осы күнге дейін трассаның 90 шақырымына асфальт төселді. Мамандардың айтуынша, 5 учаскенің үшеуінде құрылыс жұмыстары аяқталған. Тас жолдың Қызылорда облысына тиесілі бөлігі 192 шақырымға тең. Оның құрылысы келер жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Жалпы келісімшарт бойынша мердігерге 5 жылға дейін кепілдеме мерзімі белгіленді. Осы уақыт аралығында салынған жолдан қандай да ақау табылса, мекеме өз қаражатына жөндеп беруге міндетті.

Болатбек Айтбаев, "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК бас директоры:

- 604 инспекциялық шығу ұйымдастырылған болатын. Оның ішінде 2300 сынама материалдар алынып, зерттеу жұмыстарынан өткізген болатын. 12 пайызы техникалық талаптарға сай келмейтін болып анықталды. Бұл сәйкес келмейтін материалдар шектеп, алып тастады.