Құқықтық журналистиканың бүгіні мен болашағы талқыланды

Құқықтық журналистикада білікті мамандар тапшы.

Бүгінде нормативтік-құқықтық актілерді толық түсіндіріп беретін журналистер көп емес. Бұл туралы бүгін Алматыда «Заң» медиа-корпорациясының 30 жылдығына арналған конференцияда айтылды. Еліміздегі құқықтық журналистиканың көшбасшысына айналған ұйымға «Заң», «Юридическая газета» басылымдары, «Заң» журналы мен «Заңмедиа.кз» сайты кіреді. Сот, заң саласындағы жаңалықтарды халыққа жеткізіп, азаматтардың құқықтық сауатын арттыруда бұл басылымдардың орны ерекше. Мерейтойға орай корпорация ұжымы «Тарих.Тұлға.Таным» деп аталатын құнды жинақ дайындады. Сондай-ақ басылымдарда әр жылдары еңбек еткен ардагерлер мен қызметкерлер марапатталды. 

Досжан Әмір, ҚР Судьялар одағының төрағасы:

«Мінеки сол 30 жылдан бері «Заң Медиа» ЖШС қауымдастығы еліміздегі болып жатқан көптеген өзгерістер. Соның ішінде заң саласында болып жатқан өзгерістеді халыққа бүге-шүгесіне дейін жеткізіп беруде алдына жан салмай келе жатыр деп айта аламыз».