Статистика: Қазақстан халқының 62,3%-і қалада тұрады
Елде ауылдан қалаға қоныс аудару үдерісі жеделдеп келеді, деп хабарлайды 24kz.
Ұлттық статистика бюросының есебі бойынша кейінгі 15 жылда 2,7 млн адам көшкен. Ең жоғары өсім Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарында байқалады. Қарағанды мен Ақтөбе - елдегі ең урбанизацияланған аймақтар. Мұнда халықтың 80%-тен астамы қала тұрғындары.
Сол секілді Астана, Алматы, Шымкент секілді мегаполистерге қоныс аударушылар саны жыл санап артып келеді. Мысалы биыл Алматыға 123 мыңнан астам, Астанаға 145700-ге жуық және Шымкентке 72800-ден астам адам көшкен.