Елімізде дропперлер қылмыстық және әкімшілік жазаға тартылады

Елімізде дропперлерге қылмыстық және әкімшілік жаза қолдану көзделіп отыр, деп хабарлайды 24kz.

Себебі бұлар, жеке тұлғалардың шотынан ұрлаған ақшаны өзінің банк картасы арқылы өткізуге жәрдемдесетін қылмыскерлер. Ішкі істер министрлігі жылдың басында арнайы жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, сондай-ақ Қылмыстық кодекске тиісті өзгерістер енгізілмек. Қазір жаңа нормалар мемлекеттік органдарда талқыланып жатыр. Елде бұған дейін дропперлердің көмегімен іске асқан қылмыстар бойынша 200 сот шешімі қабылданды. Қылмыскерлерден 200 млн теңгеден астам шығын өндірілді.