Қазақстанда мүгедектікті тағайындау процесі жеңілдейді

Келер жылдан бастап мүгедектікті тағайындау процесі жеңілдейді, деп хабарлайды 24kz.

Дене мүшелерінен айырылған азаматтарға енді жыл сайын өз жағдайын растап отырудың қажеті жоқ. Себебі оларға мерзімсіз мүгедектік беріледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Оның айтуынша, енді балаларға туған кезде қойылған «Даун синдромы» секілді диагнозға да мерзімсіз уақытқа растау құжаты беріледі. «Бұл, әсіресе, шалғай ауылдарда тұратындарға тиімді», - дейді министр. Бүгінде елімізде 730 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат өмір сүреді. Оның 201 мыңы зейнет жасында, ал 112 мыңнан астамы бала.