Семейді дамытудың бас жоспары бекітілді

Семей қаласын дамытудың бас жоспары бекітілді.

Құжат цифрлық форматта әзірленді. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұран-хаев мәлімдеді. Өңір басшысының айтуынша, биыл 67 аУла мен 4 қоғамдық кеңіс-тік жаңартылды. Мұхтар Әуезов алаңы жөнделді. Облыс құрылған сәттен бастап 105 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттерін жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Жақында бекітілген Семей қаласының Бас жоспары аясында көшелер мен жолдар кеңейтіледі. Осылайша, қала билігі көшедегі көлік кептелесін едәуір азайтпақ. Бұдан бөлек облыс әкімі, көлік инфрақұрылымы саласында Семейде төрт жолақты жаңа көпір салу жобасы іске асып жатқанын айтты. Оған 2022 жылдан бері республикалық бюджеттен 15,7 млрд теңге бөлінді. 2025 жылғы бюджет жобасында тағы 8,5 млрд теңге қарастырылған. 

Нұрлан Ұранхаев, Абай облысының әкімі:

- Аспалы көпірдің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Мемлекеттік сараптаманың ОҢ қорытындысынан кейін республика бюджетіне тиісті өтінім береміз. Көлік дәлізін кеңейту үшін 2024-2025 жылдары, ұзындығы 270 шақырым болатын «Бақты-Аягөз» темір жол құрылысы жоспарланған. Техникалық-экономикалық негіздеме сараптамасының оң қорытындысы алынды.

Бүгінде облыста 20 мыңға жуық адам баспана кезегінде тұр. Тұрғандардың баспана базынасын шешу жалғасып жатыр. Әкімнің айтуынша, 39 көппәтерлі және жеке тұрғын үй салынып, 2100 отбасын үймен қамту көзделіп отыр. 

Нұрлан Ұранхаев, Абай облысының әкімі:

- Жалпы ауданы 246,9 мың шаршы метр болатын алдағы үш жылда тағы 148 көп қабатты тұрғын үй  салу жоспарланған. Бұл өз кезегінде 7 мыңдай отбасын баспанамен қамтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ облыс әкімі өңірдегі жаңа мектептердің құрылысына тоқталды. Мұнда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 4 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Биыл жыл соңына дейін оның үшеуі пайдалануға берілмек. Ал келер жылы аягөздік оқушылар 600 орындық мектептің игілігін көреді. 

Айнұр Қуатқызы