Жер сілкінісі кезіндегі қағидалар

Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары жерасты дүмпуі кезінде қарапайым қағидаларды еске салды.

Олар алдымен апатты жағдайда үрейленбей, тыныштық сақтау қажеттігін айтады. Сондай-ақ лифтке мінбеу керек, баспалдаққа шықпау керек. Жиһаз бен терезеден ары тұрыңыз. Бірден жасырынатын жерді анықтау маңызды. Жер сілкінісі басылғанда ғимараттан шығыңыз. Бірақ шығар алдында су, газ және электр қуатын мүмкіндігінше өшіруге тырысыңыз. Қарт адамдар мен балаларға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсеткен жөн.