Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталады

Түркістан облысының мақталы аудандарында жиын-терім науқаны жақында аяқталады.

Биыл Мақтаарал, Шардара, Арыс, Отырар және Сауран аудандарында 106 мың гектар жерге ақ алтын егілді. «Қазақ мақта» қауымдастығының төрағасы Болат Жүсіповтың айтуынша, игерілген егістік азайғанымен өнім көлемі жылдағыдай. Орташа есеппен әр гектардан 15-35 центнерден өнім жиналып жатыр. Қазір жоғары типке жататын шитті мақтаны сатып алушылармен келісімшарт та жасалған. Ал облыс орталығындағы агроөнеркәсіп кешені іске қосылса, мақтаны шикізат күйінде емес, өңделген тауар күйінде экспорттауға мүмкіндік туады.

Болат Жүсіпов, "Қазақ мақта" қауымдастығының төрағасы:

- Субсидия беріліп жатыр. Селитра жағынан, ГСМ-ге беріліп жатыр. Суға беріп жатыр. Бірақ енді көп шаруалардың жерлері арендный жерлер. Сол себептен кейбір шаруалардың шығыны жабылып жатса, кейбірі шығындарын жаба алмай жатқан жағдайлар бар. Былтыр қытайлар алды. Биыл да Қытайлар келеді деп үміттеніп отыр барлығы. Тағы бірен-сараңы контрактқа отырғаны бар. Және Түркиядан келіп жатыр.