Мүгедек жандарға әлеуметтік қызмет көрсетушілер лицензиялаудан өтеді
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін субъектілер лицензиялаудан өтуге тиіс.
Бұл процесс толық цифрландырылып, 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді. Ал қазіргі уақытта елде 1021 ұйым 110 мың адамға әлеуметтік қызмет көрсетеді екен. Оның ішінде 177 үкіметтік емес ұйым мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жұмыс істейді.