Сенат сот жүйесін реформалайтын заңды мақұлдады
Азаматтық және қылмыстық істер бойынша кассациялық сатыда істерді алдын ала қарау алынып тасталады, деп хабарлайды 24kz.
Енді азаматтар сот актілерін қайта қарау туралы арыз емес, кассациялық шағым түсіретін болады. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіруге қатысты заң мақұлданды. Құжат азаматтарды сот арқылы қорғау сапасын арттыруға бағытталған. Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік кодекстеріне түзетулер енгізілді. Сенат төрағасы заң сот процестерінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге септігін тигізетінін айтты.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Заң Мемлекет басшысының сот жүйесін реформалау жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатымен әзірленді. Заңға Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленді. Заң аясында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік әстерді кассациялық сатыда қарау тәртібіне қатысты өзгерістер топтамасы қарастырылған. Бұл түзетулер Мемлекет басшысының тапсырмасымен келесі жылы құрылатын үш дербес кассациялық соттардың қызметімен байланысты. Судьялардың тәртібі мен жауапкершілігін күшейтуге арналған ережелер де бар. Бұл тузетулер сот процестерінің ашықтығын әділдігін және жеделдігін қамтамасыз етуге септігін тигізетеді деп сенеміз.