Ми-8 тікұшағы он алты жылда жеті рет құлады
Ми-8 тікұшақтары 16 жылдың ішінде 7 мәрте апатқа ұшыраған.
Ең ірі қайғылы оқиға Қызылорда облысында тіркелген. 2019 жылы 13 әскери қызметкер мінген әуе көлігі құлап, барлығы қаза тапты. Ал 2009 жылы Түркістан облысындағы тікұшақ апаты кезінде он адам тірідей өртеніп кетті. Сондай-ақ 2012 жылы да Алматы облысында тікұшақтың құлауынан 8 адам опат болды. 2008 жылы Қызылорда облысындағы Жалағаш ауданында әуе кемесі құлады. Экипажда 18 адам болған, өкінішке орай, бесеуі қаза тапты. 2010 жылы Шығыс Қазақстан облысында 8 адам жан тәсілім етті. Трагедия былтыр Орал қаласында тағы қайталанды. Ол кезде 4 адам мерт болды.
Авиациялық апаттардың тізімі
- 2008 жылы — Қызылорда обл. Қаза тапқандар саны: 5 адам
- 2009 жылы — Түркістан обл. (бұрынғы ОҚО). Қаза тапқандар саны: 10 адам
- 2010 жылы — ШҚО. Қаза тапқандар саны: 8 адам
- 2012 жылы — Алматы обл. Қаза тапқандар саны: 8 адам
- 2019 жылы — Қызылорда обл. Қаза тапқандар саны: 13 адам
- 2023 жылы — БҚО. Қаза тапқандар саны: 4 адам