БҚО-да пайдаланусыз жатқан 620 мың гектар жер қайтарылды
Батыс Қазақстан облысында пайдаланылмай жатқан 620 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Бұл соңғы 3 жылда атқарылған жұмыс. Оның 458 мың гектарға жуығы резервке қойылып, 140 мың гектары елді мекен меншігіне берілді.
Нариман Төреғалиев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:
- Осындай атқарылған жұмыстардың нәтижесінде елді мекендер жалпы көлемі 607 мың гектар қосымша жайылымдық және шабындық алқаптармен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде 2022 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша жайылым тапшылығы 339 мың гектарды құраса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 13 есе азайып, 25 мың гектарға дейін төмендеді.