Биыл 3000 қазақстандық ЖИТС жұқтырды
Бүгін – Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні. Атаулы күнді 1988 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялады, деп хабарлайды 24kz.
Бұл күн ауруды жұқтырған адамдарды алалау, кемсіту, бөлу секілді қөзқарастарды болдырмауға арналған. Бүгінде елімізде иммун тапшылығы ауруын жұқтырған 34 мыңнан аса адам тұрады. Ал биыл ақхалаттылар 3 мыңнан аса адамның бойынан осы дертті анықтаған. Олардың басым бөлігі Шымкент, Алматы, Атырау және Ақмола облыстарында. Ал Астанада дертке 362 адам шалдыққан. Көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда артып отыр. Дәрігерлердің дерегінше, жұқпалы ауру жұқтырғандардың көбі жастар.