12 жасқа дейінгі балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салу ұсынылды
12 жасқа дейінгі балаларды қараусыз қалдыруға заң жүзінде тыйым салу керек.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева осындай ұсынысты алға тартты. Оған осы күнге дейінгі жалғыз қалған балалардың қаза болуымен байланысты 15 өрттің тіркелгені себеп болған. Сондай-ақ өзінің инстаграм желісінде, балалар омбудсмені, Ақмола облысындағы 2 баланың жеке үйде электр тоғының тұйықталып, түтіндеуі салдарынан қайтыс болғанына қатысты пікір білдірді. Олардың жақындарына көңіл айтты. Қазір бұл оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу жүріп жатыр, деді.