СҚО-да тасқыннан зардап шеккендердің шығыны толық өтелді
Солтүстік Қазақстан облысында тасқын судан жапа шеккен тұрғындардың шығындары толық өтелді. Бұл туралы бас қалада өткен брифингте облыс әкімі Ғауез Нұрмұхаметов мәлімдеді.
Айтуынша, баспанасынан айырылған бұқара үшін 700 үй салынып, 1394 пәтер сатып алынған. Ал 2 мыңға жуық қоныс-жай қайта жөндеуден өткен. Сондай-ақ өзгеде өтемақылар үйлестіріліп, жәрдемақы берілген. Аймақ басшысы табиғи апат кезінде ұйымшылдық танытқан өңір тұрғындары мен елге көмек қолын созған атымтай азаматтарға алғысын білдірді.