«Тәртіпті өзіңнен баста» эстафетасы басталды

Қаржы мониторинг агенттігі «Тәртіпті өзіңнен баста» эстафетасын жариялады, деп хабарлайды 24KZ. Науқанға алғашқы болып Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің мыңға жуық білім алушысы қатысты. «Бұл іс-шара қарызсыз қоғамды қалыптастыруға, заңдылық пен құқық тәртібін дамытуға және студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталады», – дейді ұйымдастырушылар. Агенттік эстафетаны әрі қарай Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолдады.

Ерлан Сыдықов, Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің ректоры:

- Университет тарапынан біз тағы да ұсыныстар беріп отырмыз Қаржы мониторинг агенттігіне. Білікті, сапалы мамандарды әзірлеуді бірлесіп атқаруға болатындығын, сондай-ақ ғылымды пайдалануға болатындығын тағы да ашып айттық. Міне, осы бағытта біз әрі қарай жұмыс істей береміз.