Астанада Адам құқықтары жөніндегі VI Еуразиялық форум өтті
Астанада Жоғары сот кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында Адам құқықтары жөніндегі VI Еуразиялық форумы өтті, деп хабарлайды 24kz.
Шара онлайн форматта ұйымдастырылып, оған 1500-ден астам еліміздің және шет мемлекеттердің жетекші заңгер-ғалымы қатысты. Алғы сөзді Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов алып, сот білімі мәселелері, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізудің проблемаларына тоқталды.
Жалпы форум – ашық диалогқа, идеялар және үздік тәжірибелермен алмасуға, сондай-ақ адам құқықтарын қамтамасыз етуде жаңа стратегия қалыптастыруға арналған алаң.
Лаура Құрмантаева, ҚР Жоғарғы соты аппараты басшысының орынбасары:
- Жыл сайын өткізілетін маңызды шарасын тағы да бір өткізіп отыр. Адам құқықтарын қорғау саласына ол мемлекетіміз де, Мемлекет басшымыз да үлкен көңіл бөледі. Ал мемлекетімізде ауқымды қадамдар осы салада біраз жасалып келеді. Бүгінгі форумда айтылған идеялар.