Алматыда балалар мен жасөспірімдерге арналған дамыту орталығы ашылды

Алматыда «Жас десант»  балалар орталығы ашылды, деп хабарлайды 24kz.

Оның салтанатты ашылуына Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қатысты. Нысан бұрынғы парашют дайындығы орталығының қарамағында болған клуб үйінің орнына қайта жанданып отыр. Ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстары жарты жылға созылды. Ондағы кабинеттерді, акт залы мен сахнаны жабдықтауға алматылық кәсіпкерлер демеушілік етті. Осылайша, робототехика, шахмат және сурет салу секілді түрлі секциялар құрылды. Енді бұл орталық балалардың оқудан тыс бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Адалят Насырова, «Жас десант» орталығының басшысы:

- Қазір орталықта робототехника, шахмат, сурет салу, шешендік өнер, мобилография, хореография, домбыра және ағылшын тілін үйрету бойынша 8 секция жұмыс істейді. Оған 150-ден астам обасының балалары қатысатын болады. Алдағы уақытта дыбыс жазу студиясы мен ағаш ұстаханасы цехын іске қосу жоспарда бар.