Мәжіліс депутаты Атырау жастарымен кездесті
Атырау облысында 14-29 жас аралығында 125 мыңға жуық адам бар, деп хабарлайды 24KZ. Олар өңірдегі түрлі жағдайларда белсенділік танытып келеді. Көктемгі тасқын кезінде Атыраудағы екі жоғарғы оқу орны студенттерінің күшімен 9 шақырымға жуық бөгет соғылып, облыс орталығы мен 3 ауылда су басу қаупі сейілген болатын.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Халық партиясының мүшесі Ислам Сұңқар Атырау жастарымен кездесті. Университеттің ғылыми кеңес залына жиналған студенттер мен жастар депутатқа бүгінгі қоғамдағы жастардың ролі, олардың проблемалары туралы сауалдар қойды. Депутат Ислам Еркінұлы өз кезегінде Парламент қабырғасында жастарға қатысты заң туралы түсінік берді.
Ислам Сұңқар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Мысалы, өз басым жастарға, әсіресе балаларға бағытталған Ұлттық қордан балаларға төлем жасау бойынша заң жобасы бойынша жұмыс жасадым. Қазіргі таңда біздің Мәжілістен шығып жатқан дене шынықтыру және спорт бойынша заң жобалары шығады. Олардың бәріне мен атсалысып, соның мүшесі болдым. Жастардың, студенттердің мәселелерін көтеріп жатырмын. Мысалы, стипендия мәселесі, жатақхана мәселесі бар. Мүмкіндігінше оларды шешуге тырысып жатырмыз.