Заң мен тәртіп: мас жүргізушіге жаза қатаң болады
Мереке қарсаңында ішімдік ішіп, көлік жүргізетіндер көбейетіні сөзсіз.
Осыған орай Астана полициейлері қырағылықты күшейтті.
Қазір әр сенбі-жексенбі сайын “Мас жүргізуші - қылмыскер” рейдтік шарасы өтіп тұрады. Жалпы жыл басынан бері елде 21 мың мас жүргізуші анықталды.
Демалыс күндері тәртіп сақшыларының жұмысы көбейеді. Мәселен, қонақтан, той-томалақтан қайтқан кейбір азаматтар мас күйінде көлік тізгіндеуге құмар. Оның салдары қайғылы жағдайға әкелу мүмкін. Сондықтан астаналық полицейлер сенбі-жексенбі сайын түнде рейдке шығады.
Полиция капитаны Айдос Нышанов ішімдік ішкендерді анықтау қиын емес дейді.
Айдос Нышанов, Астана қаласы ПД патрульдік полиция полкінің аға инспекторы:
- Мереке демалыс күнге келген кезде, сол кездері түнгі 12-ден кейін көп кездесіп жатады ішіп алған жүргізушілер. Бізді көбінесе жүргізушілер көрген кезде, мас жүргізушілер көрген кезде өздері, қалай айтсақ болады, өздері кейде жол ережесін бұзатын болады. Мысалға, бұрылып жатқан кезде поворотникті қоспай бұрылады. Немесе бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп жатқан кездер болады. Сол кезде күмән тудырып, біз оны бірден тоқтататын боламыз.
Мас жүргізушілерді анықтауға қала тұрғындары да қол ұшын созады. Бұл тұрғыдан келгенде тәртіп сақшылары астаналықтардың белсенділігін жоғары бағалап отыр.
Айдос Нышанов, Астана қаласы ПД патрульдік полиция полкінің аға инспекторы:
- Астана қаласының тұрғындарынан 102 хабарлама түсіп жатады. Осындай-осындай көлікті жүргізуші мас күйінде басқарып бара жатыр. Өзінің азаматтық ұстанымы ғой. Ол жерде ешқандай сыйақы берілмейді. Кез келген азаматтың ұстанымы деп ойлаймын. Мысалға, егер 102-ге хабарламаса, например жаңағы жүргізуші мас күйінде көлікті басқарып, біреуді қағып кетуі мүмкін. Егер 102-ге хабарласса, уже біреуді өмірін сақтап қалуі мүмкін, және де жүргізушінің өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Бүгінде көлік құралын мас күйде жүргізгендерге жаза қатаң. 15 тәулікке қамалып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады. Ал енді куәлігі жоқ болса да ішіп алып рульге отырғандар да 7 жыл бойы куәлік ала алмайды.
Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі:
- Мүлдем жүргізуші куәлігі жоқ адам егер автокөлікті масаң күйінде басқарған болса, тек қана 15 тәулікке ғана әкімшілік қамауға алынатын. Яғни ол әкімшілік жазаны өтеп болғаннан кейін бір айдан кейін болсын, екі айдан кейін болсын жүргізуші куәлігін алып ала беретін-тұғын. Қазіргі өзгерістерге сәйкес жүргізуші куәлігін мүлдем алмаған адам егер де автокөлікті масаң күйінде басқаратын болса, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады да одан кейін 7 жылға жүргізуші куәлігін алуға шектау қойылады. Яғни ол кез келген автоЦОН-ға барған жағдайда оған жүргізуші куәлігі 7 жылға дейін берілмейтін болады.
Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша биылғы жылдың 10 айында 21 мыңға жуық мас жүргізуші ұсталды. Бұл дерек жыл соңына дейін ұлғаятыны анық. Қазір елде мас жүргізушілердің жолын кесу мақсатында қарқынды жұмыс жүріп жатыр.
Нұрқанат Қанапия, Диас Қобланбаев