Шымкенте сот қызметкерлері ₸110 млн пара беруге итермеледі деп айыпталды
Шымкентте сот қызметкерлері сотталушының жұбайын 110 миллион теңге пара беруге итермеледі деп айыпталды, деп хабарлайды 24KZ. Олар жазаны жеңілдету үшін осындай әрекетке барған болуы мүмкін. Бұл іске қатысты тергеу аяқталды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының ережелеріне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл агенттігі.
Данияр Бегайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:
- Агенттік Шымкент қ. Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына және басқа да адамдарға қатысты тергеуді аяқтады. Олар алаяқтық жасағандары және үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін сотталушының жұбайын 110 млн теңге мөлшерінде пара беруге итермеледі деп айыпталып отыр. Бас прокуратура ағымдағы жылы 5 желтоқсанда қылмыстық істі сотқа жолдады.