Қостанай облысында 22 әлеуметтік нысан қолданысқа берілді

Қостанай облысында Тәуелсіздік күні қарсаңында 22 әлеуметтік нысан халық игілігіне берілді, деп хабарлайды 24KZ. Олардың дені ауыл-аймақтарда пайда болды. Мұнда бір мезетте 15 фельдшерлік-акушерлік пункт пен дәрігерлік амбулатория ашылды. «Осылайша, ауылдағы ағайынға ұсынылатын алғашқы медициналық көмек сапасын арттыруға мүмкіндік туды», – дейді билік өкілдері.

Бұл дәрігерлік амбулатория Московский ауылында ашылды. Мұнда 1300 тұрғын медициналық көмек алады. Бұрын процедуралардың басым бөлігі аудан орталығында ғана қолжетімді болса, енді жергілікті жерде алуға мүмкіндік бар.

Аманжол Рахымбай, фельдшер:

- Мұнда барлығы бар. Қаладағыдай барлық жағдай. Жылы, жылы су да бар. Кабинет те жеткілікті барлығымызға. Бұрын бізде ескі, тар болды амбулаториямыз. Шағын өте. Жеке кабинеттер болмады. УЗИ кабинет бар мұнда. Инструменттерді өңдейтін кәдімгі «парочный» бар. Пеш.

Жалпы облыс бойынша онлайн режимде 15 медициналық мекеме қолданысқа берілді. Жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер уақытша бейімделген ғимараттардан көшті.  

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

- Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласын дамытуға, оның ішінде медициналық инфрақұрылымды жақсартуға біраз көңіл бөледі. Биыл денсаулық сақтау саласының бюджеті 109 морд теңгеге дейін жетіп отыр. Былтыр ауылдық жерлерде Президент тапсырмасына сай 25 медициналық объектілердің құрылысын бастаған едік.

Жас мамандарды ауыл-аймаққа тартуда «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жемісі мол. Медбике Жәзира Семізбаева осы бағдарлама арқылы жолдасымен бірге Московский ауылына фельдшер боп көшіп келген.

Жәзира Семізбаева, жалпы тәжірибедегі медбике:

- Бізге қызметтік баспана берілді. Қостанай ауданы әкімдігі мен аудандық аурухана тарыпанан өтемақыға ие болдық. Бізде қазір жаңа амбулатория жұмысын бастады. Мұнда бәрі жаңа. Қаладағы емдеу мекемелерінен кем түспейді.

Ал мынау 280 орынға арналған балабақша Қостанайдағы жаңа шағынауданда ашылды. Бүлдіршіндер 16 топ бойынша мектепке дейінгі білім берумен қамтылады.

Оксана Баби, Қостанай қаласы №3 балабақша директорының м.а.:

- Қалада бұрын-сонды осынша балалар тобы болмаған. 11 топ мемлекеттік тілде, ал қалғаны орысша болады. Балалардың шығармашылық және интеллектуалды мүмкіндіктерін дамытуда бар жағдай жасалып отыр. 

Амйақта тағы 12 ауылдағы тірек мектептердің материалдық-техникалық базасы толық жаңартылды. Бұл мақсатқа 3 млрд теңге қарастырылды.

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Наталья Строкова, Ермек Мұхамедияров.