Cенат төрағасы Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды 24kz.
«Қазіргі таңда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асырылып жатқан реформалардың бәрі, бірінші кезекте, аталған маңызды міндетті мақсат тұтады. Осы жолда ұлт болып ұйыса білсек, мемлекеттілігіміз нығайып, тұғырымыз бекемделе түсері сөзсіз», - дейді Сенат төрағасы құттықтауында. Мәулен Әшімбаев әр шаңыраққа шаттық, құт-береке және елге амандық тіледі.