Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл қойылды
Тәуелсіздік пен желтоқсан – егіз ұғым. Әсіресе Желтоқсан оқиғасына қатысушылар үшін бұл күннің маңызы ерекше. Олар жыл сайын мерекеге орай Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументіне гүл қоюға жиналады. Желтоқсан оқиғасының 38 жылдығын биыл да бірге қарсы алды. Салтанатты шараға қоғамдық ұйым өкілдері, қала тұрғындары мен әкімдік қызметкерлері қатысты.
Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігіне айналған шаһар. Алаш арыстары армандаған Қазақстан тәуелсіздігі алғаш осы қалада жарияланды.
Айта кетейік, Тәуелсіздік монументі 1996 жылы ашылған. Оның биіктігі 180 метр. Бұл өнер туындысының әр бөлігінің астарлы мәні бар. Тастағы жазбалар, көркемделіп құйылған торкөз кесіндемелер ел тарихындағы ірі оқиғалардан хабар береді. Бүгінде мегополисте Желтоқсан оқиғасына қатысқан 800-ден астам адам тұрады. Оларға 250 мың теңгеден біржолғы төлем жасалды.
Болат Шарахымбай, Желтоқсан оқиғасына қатысушы:
- Бүгін қазақ елінің ең ұлық мерекесі. Біз осыны ұмытпауымыз керек. Тәуелсіздік 1991 жылы жарияланды. Бірақ оның алдында Желтоқсан оқиғасы болып еді. Осы екеуі егіз ұғым екенін ұмытпауымыз керек. Екеуі бірге жүреді. Бірге айтылады. Тәуелсіздік арқасында қазір бақытты өмір сүріп жатырмыз деп айтуға болады. Өз тәуелсіздігінде, өз бостандығында, азаттықта өмір сүрген ол енді бақыт халық қой.