Электр станцияларында 55 қазандықты жөндеу жоспарланған
Қолданыстағы электр станцияларын реконструкциялау және кеңейту есебінен Үкімет қосымша қуаты 5,6 ГВт болатын нысандарды іске қоспақшы. Биыл Энергетика министрлігі энергия өндіруші ұйымдармен 13 инвестициялық келісім жасасты.
Жалпы электр станцияларында 10 энергоблок, 55 қазандық пен 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Қазір 1 энергоблокта, 2 қазандық пен 6 турбинада жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ал 542 шақырым жылумен жабдықтау желілері жөнделді және реконструкцияланды. Осылайша, жоспар толыққанды іске асты.