Биыл тұтынушылардан 56 мыңнан астам шағым түскен
Соңғы 4 жылда Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетіне шағынушылар саны екі еседен астам өскен, деп хабарлайды 24kz.
2020 жылы 20 мың азаматтан арыз түссе, биыл олардың саны 56 мыңнан асты. «Бұл экономиканың жекелеген салаларында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жүйелі проблемаларды көрсетеді», - деді комитет төрағасының міндетін атқарушы. Болат Танабергеновтің айтуынша, келіп түскен шағымдардың 45%-і, яғни, 25 192 өтініш толық көлемде қанағаттандырылды. Нәтижесінде 145 бизнес субъектісіне 8.6 млн теңге сомасында айыппұл салынған.
Болат Танабергенов, ҚР СИМ Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының м. а.:
- Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша тұтынушылардың үлес салмағы бойынша шағымдарының ең көп саны келесі салаларда байқалады.