Алматы жұртшылығы Желтоқсан оқиғасы құрбандарының рухына тағзым етті
Алматы жұртшылығы мен қоғам белсенділері «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне гүл қойып, Желтоқсан оқиғасы құрбандарының рухына тағзым етті, деп хабарлайды 24kz.
Қазақстан халқының еркіндігін, егемендігі мен тәуелсіздігін бейнелейтін «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші 2006 жылы Желтоқсан оқиғасының жиырма жылдығына орай тұрғызылған. Сол уақыттан бері 17 желтоқсан күні осы жерге келіп тағзым ету дәстүрге айналған. Жиналған қауым ел ынтымағының мығым, іргесінің берік, Тәуелсіздігіміздің баянды болуын тіледі.
Толымбек Байжүнісұлы, Желтоқсан оқиғасына қатысушы:
- Әр жылы осы алаңға келіп, ұрпағымыздың болашағы жарқын болсын деп, ата-бабаларымыз аңсап кеткен Тәукелсіздікке бас иіп, гүл шоқтарын қою бізде жылдағы рәсім. Бұны біз мақсатынышпен айта аламыз. Себебі болашағымыз әлі алда.