Ақтау қалалық сотының төрағасы пара алғаны үшін істі болды

20 млн теңге... Сотталушының жазасын жеңілдету үшін Ақтау қалалық сотының төрағасы осынша көлемде пара сұраған, деп хабарлайды 24kz.

Айыпталушылардың қатарында жеке сот орындаушысы да бар. Лауазымды тұлға өзінің сенімді адамы арқылы пара алу үстінде ұсталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жоғары лауазымды тұлғалар арасында жемқорлықтың жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруда.

Данияр Бигайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Олар алаяқтық жасады және «сотталушыны үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін 20 млн теңге көлемінде пара беруге итермеледі деп айыпталуда. Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанда Бас прокуратура айыпталушыларды сотқа берді.