Жыл соңына дейін жаңартылатын энергия көздерінің 8 жобасы іске қосылады
Жыл соңына дейін жаңартылатын энергия көздерінен қуат тарататын сегіз жаңа жоба іске қосылады, деп хабарлайды 24kz.
Энергетика министрлігі жариялаған жылдық қорытынды есепте осындай дерек келтірілді. Ақмола облысында екі жел электр станциясы қолданысқа берілсе, Жамбыл өңірінде күн электр станциясы қуат тарата бастайды. Сондай-ақ Жетісу, Алматы аймақтарында гидроэнергостанциялары іске қосылады. Сегіз жобаның жалпы қуаттылығы 163 мегаваттан асады.
Биыл бірқатар үкіметаралық келісім жасалды. Әсіресе, жаңартылатын энергия көздерін игеруде Қазақстан ауқымды жобаларды қолға алғалы жатыр.