Жаңартылатын энергия көздерінің 148 нысаны жұмыс істеп тұр

Жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін қуатқа тоқталайық. Қазақстанда ұзын саны 148 осындай нысан жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды 24kz.

Жіктеп қарасақ, елде 59 жел электрстанциясы барын көреміз. Оның жалпы қуаты 1,4 мегаваттан сәл асады. Қолданыстағы 46 күн электр станциясы да 1,2 мегаватт қуат өндіреді. Гидро және биогаз электр станцияларының өніміділігі әлі аса жоғары емес. Оны мына кестеден-ақ аңғаруға болады. Барлығын қоса есептегенде жаңартылатын энергия көздерінің қуаттылығы 11 айда 3 мегаватты құрады.

Алдағы уақытта қолданысқа берілетін жобаларды тізіп шыққан артық етпес. Энергетика министрлігінен хабарлағандай, аукциондық сату арқылы ұзын саны 54 жоба іріктелді. Оларды мына кестеде келтірдік. Алайда олардың барлығы нақты қашан іске қосылатынын дөп айту қиын. Мәселен бір ғана су электр станциясын салуға 5 жыл мерзім беріледі. Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасында қойылған межеге жылдам жетіп жатырмыз. Мысалы 2025 жылы жаңартылатын энергия көөздерінің үлесін 6 пайызға жеткізу міндеттелген еді. Алайда биыл 11 айда 6,5%-ке қол жеткіздік. Қарқын жаман емес.