Ғалым: Тарихи негізделген уақыт белдеуіне оралдық
Еліміздің бірқатар аймақтары 1930 жылдан бері бір сағат алға жылжып кеткен уақытпен өмір сүрді.
Астрономия және география ғылымдары тұрғысынан бұл – қате шешім. Жалпы Кеңестік кезеңде елімізде жоспарлы экономика мүддесі үшін табиғи уақыт белдеуі, бұйрық тәртібімен сегіз рет өзгерген. Нәтижесінде, ел халқы табиғи циклге сәйкес келмейтін уақыт белдеулерінде тұрды. Осы тұрғыда UTC+ 5, яғни, қазіргі уақыт, біздің еліміз үшін жаңа белдеу емес, тарихи негізделген уақытқа оралу.
Любовь Шестакова, Г.Фесенков атындағы астрофизика институтының зертхана меңгерушісі:
- Біздің меридианның орталық белдеуі 75 градус және ол UTC+ 5 уақытына дәлме-дәл сәйкес келеді. Біз өз географиямызды өзгерте алмаймыз ғой. Бұл біздің орналасу аймағымыз үшін табиғи әрі заңды уақыт белдеуі. 1930 жылы елдегі уақытты есептеу жүйесі өзгеріп, оны бір сағатқа алға жылжытып, біз UTC+ 6 белдеуіне өттік. Біз 100 жыл бойы өз өмірімізге сәйкес келмейтін уақытпен өмір сүрдік. Сондықтан UTC+5 еліміз үшін жаңа уақыт белдеуі емес, керісінше, тарихи негізделген уақытқа оралу деуге болады.