Қазақстанға жылына 40 мыңға жуық мигрант келеді
Жалпы биылғы 11 айда елге 36 мың эмигрант тұрақты қоныс аударған. Оның 18 мыңнан астамы этникалық қазақ.
Көші-қон қызметі комитетінің мәлімдеуі бойынша елде тұрақты тұруға ыхтияр хат алуға жылына 40 мыңға жуық адам өтініш береді. Оның ішінде өзге елдерге қарағанда Өзбекстан мен Ресейден келетіндер көп. Биылғы 11 айда Өзбекстаннан 17 мыңнан, ал Ресйден 8 мыңнан астам азамат қоныс аударған.
Сергей Сатков, кәсіпкер:
- Қазақстанға 2 жыл бұрын қоныс аудардым. Ресейдегі мобилизацияға байланысты көшіп келдім. Білім және ақпараттық технологиялар саласында қызмет атқарамын. Алдағы бірнеше жыл осында қаламын. Себебі мұнда кампания ашып, бірнеше жобаны іске қостым. Мұнда өмір сүру де, жұмыс істеу де өте қолайлы.
Лесбек Айдашов ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
Жылына бізге сол 40 мыңның үстінде адам келеді. Былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы жылы 11 айдың ішінде бізге 36 мыңның үстінде азамат келетін болса, тұрақты тұруға ыхтияр хат алу үшін, былтырғы жылы 12 айда бұл цифра 39 900 адамды құрайды. Олардың көбі ТМД елдерінің азаматтары.