Табиғи қорықтағы тұран жолбарысымен толығады
Биыл елге екі жолбарыс Нидерландтан әкелінді.
Енді келер жылы 3 немесе 4 бас жыртқыш аң Ресейден жеткізіледі. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі мәлімдеді. Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, алдағы 5 жыл ішінде Еуропадан Қазақстанға Пржевальский тұқымының 40 жылқысы да жеткізілмек. Жабайы жылқы табиғат аясынан 1960 жылдары жойылып кеткен болатын. Алайда министрлік халықаралық ұйымдармен бірлесіп, биыл Қостанай облысындағы "Алтын Дала" резерватына Прага хайуанаттар бағынан 7 Пржевальский жылқысын әкелген. Тәуелсіздік жылдары Республикадағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту жұмыстарының арқасында алаңдардың жалпы көлемі 869 мың гектардан 30,9 млн га дейін ұлғайтылды. Нәтижесінде соңғы 18 жыл ішінде сирек кездесетін тоғай бұғысы, құлан, арқар және қарақұйрық популяциясы айтарлықтай өсті.