Зағип жандардың ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі артады

Көру қабілеті бұзылған жандардың ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі артады.

Мәжіліс зағиптардың және баспа ақпаратын қабылдау қабілеті шектелген адамдардың жарияланған туындыларға қол жеткізуін жеңілдету туралы Марракеш шартын бекітті. Құжатқа 2013 жылы 27 маусымда Марракеш қаласында қол қойылған болатын. Шарттың негізгі ережесінде шығармаларды қолжетімді форматта көбейтіп, тарату үшін авторлық құқық саласындағы шектеулер мен ерекшеліктер белгіленген. Оқулықтармен, газет-журналдармен трансшекаралық алмасуды жүзеге асыру қарастырылған. Құжаттағы ереже аудио-кітаптармен қоса кез келген бұқаралық ақпарат құралында жарияланған мәтін, ноталық жазба секілді иллюстрациялар түріндегі туындыларға қолданылады.