Алматыда 30 шақырымнан астам BRT желісі салынады
Алматыда 30 шақырымнан астам БРТ желісі салынады.
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Желтоқсан көшесінде 4 шақырым және Райымбек даңғылы бойында 17 шақырымнан асатын, екі желі салу көзделіп отыр. Келесі жылы қаңтар айында Райымбек даңғылының екі учаскесі бойынша, мердігер ұйымды таңдауға байқау жарияланады. Ал құрылыс-монтаж жұмыстары наурыз айында басталады»,-деді әкім. Сондай-ақ, қала әкімі осы уақытта Желтоқсан көшесінде де, BRT жобасы жүзеге асырыла бастай-тынын атап өтті.
Ерболат Досаев, қала әкімі:
«Қоғамдық көлікке арналған қосымша жолақ үшін орын босатуды жоспарлап отырмыз. Жоба Райымбек даңғылындағыдай инженерлік инфрақұрылымды ауыстыру жұмыстарымен жүзеге асырылады. 2025 жылдың соңына дейін екі желіні де аяқтауды жоспарлап отырмыз».
Брифингте қала басшысы Ерболат Досаев, метро желісін ұзарту жобасын да таныстырды. «Қалқаман» бекеті мен «Барлық» базарының арасында 5 шақырым және «Жібек Жолы» станциясынан Алматы әуежайына дейін 14 шақырымдық метро салынады. Қазір жобаға шетелдік инвесторларды тарту мәселесі қаралып жатыр.