Елордада еліміздің бас шыршасының шамдары жағылды
Мерекелік шараға жүздеген елордалық пен қала қонақтары қатысып, ерекше әсер алды.
Жаңа жалдың басты нышанының биіктігі 25 метрге жетеді. Биыл шырша «Астана-Арена» стадионының жанына орнатылды. Сондай-ақ бұл маңда бүлдіршіндер суретке түсіп, сырғанай алады. Коньки тебуге арналған мұз айдыны да жасалған. Тағы Аяз ата үйі де орнатылған. Еліміздің бас шыршасының шамдарын жағу шарасы, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен өткен мерекелік концертпен жалғасты. Астананың барлық аудандарында бір мезетте 30 шыршаның шамдары жағылды.