Биыл республикалық маңыздағы жолда 15 рет жабылды

Жамбыл облысында бір-екі күннен бері ақтүтек боран болып, бірнеше бағыттағы жолдар жабылды. 

Жүргізушілер транзиттік трасса уақытылы қардан тазаланбайды деп шағымданады. Ал жауапты мекеме өкілдері күн райы күрт бұзылып, қатты боран соққан кезде, жедел әрекет етуге мүмкіндігіміз жоқ деп отыр. Жалпы, қыс басталғалы  Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар тасжолдар 15 рет жабылды.

Өңірде бірнеше күннен бері қыс қаһарына мініп, ақтүтек бораннан жолдар көрінбей қалды. Кеше кешкі сағат бестен бастап “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” автодәлізінің Жуалы мен Қордай ауданындағы бөліктері жабылды. Бұрқасынанан мыңнан аса көлік кептелісте тұрып  қалды. Оның 600-ге жуығы жүк көлігі. 

Насыр Смаилов, жүргізуші:

- 12-13 сағат тұрдық. Тоже не известно алды қандай болып жатқаны. Анау жақта  көп машина. Қаланың ішіне жатқыла деді. Гостиницаларға жатқыла деді, место жоқ машинаға жаттық. 

Құлбай Сыбанқұлов, жүргізуші:

- Әр жылы осындай кептеліс. Соған дайындық алдын ала шара көру керек. Осындай елдің осынша 3 күн 2 күннен бері тұрғызбай. Қаншама жұрт жолдан қалып жатыр 2 мың адам. Қанша мың адам тұр ғой. Кеше мысалы ағайындар жолда қалған тамағын тасып апарып беріп жатырмыз мысалы жолдағыларға.

Кешелі бері құтқарушылар мен полицейлерге тыным жоқ. Жуалы ауданында ескертуді елемей жолға шыққан 40 адам құрқарЫЛды. Оның 20-сы бала. 100-ге жуық маман жұмылдырылып, 10-нан аса көлікті қар құрсауынан алып шыққан. 

Абзал Құрманов, қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының взвод командирі:

- 100-ге жуық жүргізушілер мен жолаушылар  жылыту орнына жеткізіліп, ыстық шәймен қамтамасыз етілді. Таңға дейін тынымсыз жұмыс атқарудың арқасында қазіргі таңда яғни 8 қаңтар, сағат 11 шамасында Шымкент бағытына қарай жол ашылды.

Ал жүргізушілердің жолдарды қардан тазарту жұмысына көңілі толмайды. Олар жауаптылардың қит етсе жолды жабатынына наразы. Мәселен қыс басталғалы тас жолдар 15 рет жабылған. Ал Қазавтожол мамандары болса,  «мұның бәрі жолаушының қауіпсіздігі үшін жасалған қадам, - дейді. Кешелі бері мекеменің 50 техникасы мен 70-тен аса маманы жол тазалауға шыққан. 

Ғани Тәжітай, облыстық "Қажсервис" мекемесі директорының м.а:

- Қазгидромет республикалық мемлекеттік кәсіпорынының берілген ақпаратына сәйкес жабылады. Табиғаттың ауа райының күрт өзгеруіне байланысты. Жақсарған уақытта да жолдарды ашып жол пайдаланушылардың қауіпсізлігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс атқарылады барлық ресурстар. Ол табиғаттың құбылысы.

Жамбыл облысында республикалық маңызы бар 945 шақырым жол бар. Жолдарды күтіп ұстап ағымдағы жөндеуге биыл 4 миллиард теңге бөлінген. Жауапты мекеме 28 мың 700 текше метр құм мен 9 мың тонна тұз қорын жинаған.  Бұл инертті заттар қысқы маусымға жеткілікті, дейді мамандар.

Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Елдар Байділдә