Ресейдегі жол апатынан 7 қазақстандық жарақат алды

Ресейде жол апаты болып, 7 қазақстандық зардап шекті, деп хабарлайды 24kz.

Олардың арасында 6 және 15 жастағы екі бала бар. Олар бірден Оралдағы балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер науқастардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Ал, қалған 5 жолаушы қалалық көпсалалы ауруханада. Жол апатынан зардап шеккендердің бассүйегіне зақым келіп, миы шайқалған. Аяқ-қол, жамбас сүйектері мен омыртқа жарақаттары да тіркелген көрінеді. Қайғылы жағдай Самара облысындағы «Самара – Үлкен Черниговка» тас жолында тіркелді. Оқиға орнына алты жедел жәрдем бригадасы жіберілген. Мұнымен қоса, зардап шеккендерді Ресейге тасымалдау үшін Батыс Қазақстан облысының құтқарушылары, психологтары жұмылдырылған.

Диас Жайлаубайұлы, Орал қалалық көпбейінді аурухана директорының орынбасары:

- Бір науқас жансақтау бөліміне жатқызылған болатын. Жағдайы ауыр, бірақ қалыпты деп саналады. Екі науқас политравма бөлімшесіне жатқызылды әртүрлі жарақаттарымен. Жағдайлары орташа ауырлықтағы. Және де бір науқас нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Жабық бас-ми жарақатымен. Жағдайы орташа ауыр.