Қазақстанда автокөлік өткізу пункттері жаңартылып жатыр
Қытай, Өзбекстан және Түрікменстан шекарасындағы елдің 9 бақылау-өткізу пункті жаңғыртылып жатыр.
Жұмыс аяқталғанда өткізу мүмкіндігі тәулігіне 6 ретке дейін, яғни орта есеппен 170-тен 960 көлікке дейін артады. Сондай-ақ шекарадан өту уақыты 30 минутқа дейін қысқарады. Бұл туралы қаржы министрлігі мәлімдеді. Сондай-ақ Еуразия экономикалық одақтың сыртқы шекарасы бойынша барлық 10 автомобильдік шекара бекетінде автоматтандырылған электронды кезек жүйесі енгізілді. Оны «Qoldau.kz» платформасында және «Cargo-Ruqsat» мобильді қосымшасы арқылы пайдалануға болады. Жүйені енгізу республикалық маңызы бар жолдар бойында автокөліктердің кептеліске түсіп, жиналып қалмауына сеп болмақ. Және тасымалдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етті.