Алматыдағы мектеп асханасына мониторинг жүргізілді
Алматы қаласының №67 мектебінде азық-түлік өнімдерін қайта пайдалану фактілері расталмады, деп хабарлайды 24kz.
Бірақ тамақтануды ұйымдастыруда бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, салаттардың қанағаттанарлықсыз сапасы тіркелді. Бұл технологиялық карта мен пісіру процестерінің бұзылуына байланысты болуы мүмкін. Тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топ жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша Алматы қаласының санитарлық қауіпсіздік және бақылау департаментіне хаттар жолданды. Мектеп директорына қатысты бақылауды әлсіреткені үшін тәртіптік шаралар қолданылады.
Зоя Қойшыбаева, Алмалы аудандық білім бөлімінің басшысы?
- Ведомствоаралық сараптамалық топтың жұмыс тиімділігін арттыру үшін топ құрамы ұлғайтылды, бейінді сарапшылардың қатысуы күшейтілді және мониторинг регламенттері бекітілді. Жұмыс Алматы қаласының барлық білім беру мекемелерінде тамақтану сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.