Астанада телекоммуникацияның даму бағытына қатысты сессия өтті

Бүгін елордада телекоммуникацияның алдағы 5-10 жылдағы даму бағытын айқындауды көздейтін сессия өтті, деп хабарлайды 24KZ. Шара «Телекоммуникациялар және деректерді өңдеу туралы» жаңа заңды әзірлеуге арналған. Жоба уақыттың талабына сай келетін экожүйені қалыптастыруды көздейді.

Жиында өңірлердегі телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту және байланыстың қолжетімділігін арттыру үшін төмен орбиталық спутниктерді пайдалану тақырыптары талқыланды.

Евгений Питолин, QazTech альянсының ақпараттық қауіпсіздік комитетінің тең төрағасы:

- Деректерді деректер орталығында қорғау – бұл тек бизнес үшін басымдық қана емес, сонымен қатар цифрлық әлемдегі сенімнің негізі. Ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, біз цифрлық экономиканың барлық қатысушылары үшін тұрақты және қауіпсіз болашақты кепілдендіре аламыз.