Қаскелең-Алматы жолы кеңейтіледі
Қаскелең - Алматы бағыты 8 жолаққа дейін кеңейтіліп,
бес арнайы көлік эстакадасы салынады. Жұмыс Мемлекет басшысының Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізіледі. Қалаға жұмыс сапарымен барған көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, құрылыс екі кезеңге жоспарланған. Алдыме Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының Қаскелең өткеліне дейінгі учаскесі, кейін Қаскелең өткелінен Әйтей ауылына бұрылысқа дейінгі учаскесі қамтылады. Жобалау жұмыстары басталды. Осылайша жолдың өткізу қабілетін тәулігіне 60 мыңнан 90 мың көлікке дейін ұлғайту көзделеді. Ең бастысы, кептеліс төмендейді. Сондай-ақ 12 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін салу жоспары бар.