Адам өлтірді деген екі күдікті Ресейден экстрадицияланды
Адам өлтірді деген екі күдікті Ресейден экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Күдіктілер 2023 жылдың қаңтарында Шымкентте тағы үш адаммен бірігіп, танысын айуандықпен өлтірген. Ізінше елден қашып кеткен. Оның екеуі ұсталып, жазаланды. Ал қалған үш күдіктіге халықаралық іздеуге жарияланған. Былтыр мамыр айында сыбайластарының бірі көршілес елден экстрадицияланып, сотталды. Іздеудегі екеуі де Ресейде қолға түсті. Олар 15 жылдан 20 жылға дейін сотталуы немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Әсел Берқалиева, ҚР Бас прокуратурасының өкілі:
- Қазіргі таңда күдіктілер тергеу изоляторына қамалды.Айыпталып отырған қылмыстарды жасағаны үшін оларға 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Осылайша, аталған қылмыстарға қатысы бар барлық тұлғалар әшкереленді.