Заң мен тәртіп: Павлодар тұрғынынан құны 22 млн теңге ескірті тәркіленді

Павлодар тұрғынынан құны 22 млн теңге болатын есірткі тәркіленді. Полицейлердің күдігіне іліккен 29 жастағы жігіт бұрын сотталған.

Тексеру барысында одан тыйым салынған заттар орналасқан орын туралы деректер бар ұялы телефон мен 16 орама тәркіленді. Сондай-ақ автокөлінінен екі полиэтилен қап табылды. Сараптама қорытынысы бойынша ораламардың жалпы құны 22 млн теңгеден асатын синтетикалық ескірті, ал полиэтилен пакетте 1,5 келі синтетикалық канна-биноидтар болғаны анықталды. Күдікті есірткі тарататын интернет-дүкенде «қаптамашы» болып жұмыс істегенін мойындаған.