Ақтөбеде кепілде болған әйел ауруханадан шықты

Ақтөбеде бірнеше адамды кепілге алған қанды оқиғада зардап шеккен әйел ауруханадан шықты.

Дәрігерлер қазір келіншектің жағдайы оңалды дейді. Күдікті 40 жастағы әйелдің үйіне баса көктеп кіріп, оны әке-шешесімен бірге соққыға жыққан еді. Ауыр жарақат салдарынан егде жастағы ерлі-зайыпты қаза болды. Ал 3 сағат бойы тұтқында болған әйел ауруханаға түсті. Кепілдегі жандарды құтқару операциясы нәтижесінде күдікті ұсталып, артынша сот оны 2 айға қамау туралы қаулы шығарды. Қазір «Адам өлтіру» және «Адамды кепілге алу» баптары бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Оксана Оноприяк, облыстық көп салалы ауруханасының дәрігері:

- Науқастың жағдайы түзелді. Жарасы жазылып, тігістерін алдық. Туыстары келіп, алып кетті. Енді ол емханадағы дәрігерлердің бақылауында болады.