Елордадан 3,5 млн текше метр қар шығарылды
Елордада коммуналдық қызметтер тәулік бойы қардан аршу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Кешеден бері 2700-ден астам адам күші мен 1600-ден астам арнайы техника тартылды. 31 мың текше метр қар сыртқа шығарылды. Арнайы қызметтер алдымен көлік көп жүретін жолдарды тазалауға көңіл бөліп отыр.
Жалпы қыс басталғалы 3,5 миллион текше метр ақ ұлпа полгионға жеткізілді.
Олжабек Бейсов, Астана қаласы коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары:
- Қар арнайы жасақталған қар полигондары бар. Сол полгиондарға шығарылады. Бұл полигондар камерамен, шаммен барлығы жабдықталған. Барлық техника фиксациядан өтеді. Біріншіден, біз қазір тазалау жұмыстары осы магистарльдық жолдар, яғни кептеліс болатын жерлерді тазалап жатырмыз. Одан кейін әлеуметтік нысандарды тазалап жатырмыз.