«Жастар Рухы» жұмысшы мамандықтарды насихаттап жүр
Жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы беделін арттыру мәселесі Қостанай мен Ақтауда өткен «Жастар Рухы» жастар қанатының «Бір Толқында» диалог алаңында талқыланды, деп хабарлайды 24KZ. Түрлі өндіріс ошақтарында еңбек етіп, басшылық қызметке дейін көтерілген азаматтар өмірлік тәжірибесін тілге тиек етті. Шараға қатысушылар ірі компанияларға жұмысқа тұру және кәсіптік оқыту бағдарламалары туралы пайдалы ақпарат алды.
Аружан Сәрсембаева, «Жастар Рухы» Қостанай облыстық филиалының төрағасы:
- Студенттер қазір осы жұмысшы мамандықтарға оқи отырып, диплом алған соң мамандық бойынша жұмысқа бару мақсатында мотивациялық диалог алаңын өткізіп отырмыз. «Жастар Рухы» жастар қанатын осы жылға деген қойған мақсаттарының ішінде жұмысшы мамандықтарға қатысты шараларды көптеп өткізу бар.
Абзал Марат, «Жастар Рухы» Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы:
- Бұл шараның негізгі мақсаты – Президенттің жарлығы байланысты жұмысшы мамандықтарын дәріптеу. Бүгін бізде спикер ретінде өз саласының үздіктері, атап айтқанда, бизнесмендер, аспазшы тұлғалар, сұлулық саласының өкілдері қатысты. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға осы мамандықтың өзектілігі Қазақстан экономикасына қатысты үлесі туралы айтылды.